14.11.2011 жылы Естай атындағы ҚМС ҚР тәуелсіздігінің 20-жылдығына арналған «Ақ бота» балалардың бейнелеу шығармашылығының Х халқаралық көрме-сайысының салтанатты жабылуы өтті.
Аталған сайысқа біздің мектептің бес оқушысы белсенді қатысып, екеуі жүлделі орынға ие болды. Олар дипломдар мен көркем шығармашылыққа арналған құнды сыйлықтарман марапатталды.
Біздің жүлдегерлеріміз:
І орын – Москалец Маргарита 9 «В» сынып оқушысы («Қазақстанымның музыкасы»)
ІІІ орын – Усманов Денулжан 5 «Г» сынып оқушысы («Мешіт мерейтойыңмен»)
Жұмыстардың жетекшісі, бейнелеу өнері мен сызудың мұғалімі Ф.Ч. Меньщикова атына оқушылардың жоғары патриоттық тәрбиесі мен шығармашылығы үшін алғыс сөздер мен құттықтаулар айтылды сондай-ақ балалар грамоталар мен сыйлықтарға ие болды.
Сайыстың қатысушылары мен жүлдегерлері сыйлы қонақтармен ескертіш ретінде фотосуретке түсті.