Телефон доверия
8(7182)-60-42-89
email: sosh24@goo.edu.kz
Адрес: 140001, Павлодар қ, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 190
8(7182)-60-42-89
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
Дүйсенбі сағат 11.00-ден 13.00-ге дейін
In a year
In a month
In a week
Yesterday
«ЖАСӨСПІРІМ» КЛУБЫ
06-01-2012 06:38
«ЖАСӨСПІРІМ» КЛУБЫ

  «Жасөспірім» клубының бағдарламасы

Түсінік хат

 

           Тәрбиелеуде барлық мәселелерді шешетін жаңалық әлі ашылған жоқ. Бірақ біз  егер баланы жақсы көріп, оны түсінуге тырыссақ, өмірдегі қиын мәселелерін шешуге көмектесетін болсақ, үнемі қасынан  табылсақ  көп нәрсе өз шешімін табар еді. Баланы жақсы көру оңай емес, бірақ онсыз ештеңе өнбейді.  Жасөспірімдердің бүгінгі мәселесі-  өзіне және өз күшіне,өзінің ерекше қайталанбайтын дара тұлға екндігіне сену.     Өзін тану айналысындағы адамдарды танудан басталады. Қасында үнемі түсініп,оған қол ұшын беретін адам болса өте жақсы

           Өмірдің барлық салаларында керемет өзгерістер болып жатқан уақытта балалар өкінішке орай ешқандай  әлеуметтік бағдарламаға кірмей қалады.  

   Біздің «Жасөспірім»  клубы  балалар мен жасөспірімдердің бір нәрсемен  айналысу әрекетін ұйымдастырады, өзара қарым-қатынас ортасын қалыптастырады. Клуб ата-аналар тарапынан көңіл бөлінбейтін, үйлерінде қызықсыз  балалар мен жасөспірімдерді біріктіреді. Сонымен қатар клуб есігі келгісі келетін  барлық балаларға ашық.   

 

  Өкінішке орай, қазіргі уақытта жасөспірімдер тәрбиесінде отбасының ролі  төмендеп келеді. Тек мектеп қана  үнемі қиналғандарға қол ұшын беруге дайын.   Біз құрған клуб  жасөспірімге  күрделі мынау өмірде өзіне деген сенімділікті ұялатады.


Жасөспірімдер

арасындағы құқықбұзышылықтың

алдын алуды  ескерту

 

Құрметті оқушылар!

(1-4 сыныптар)

Мына ережелерді есінде сақта:

  1. Топталған адамдар арасында еріп жүрме.
  2. Әр түрлі жағдайларда қайыршылықтанба, машиналарды күзетпе.
  3. Базарларға, сауда үйлерде, әуе жайда үлкендерсіз жүрме, қандай да бір жағдайларға куәгер болып немесе бірге қатысушы болып қалуың мүмкін.
  4. Сынып жетекшісіне сенімді бол, қиын жағдайға тап болсаң ештеңені жасырма.
  5. Сағат 19.00-ден кейін көшеде жүрме.
  6. Мектеп телефон нөмірін көшіріп есінде сақта – 60-42-68, мұнда саған әрқашанда көмектеседі.

 

 

 

 

Құрметті жасөспірім!

(5-7 сыныптар)

Жақында көктем демалысы басталады!

Мыны ережелерді есінде сақта:

  1. Қиын жағдайға тап болмау үшін кешкі сағат 19.00-ден кейін көшеге шығуға шек қою.
  2. Криминалдық жағдайда куәгер болмау үшін көшелерде адамдармен таныспа.
  3. Егер сені полиция патрулі тоқтатқан кезде, ата-аналармен немесе мектеппен байланысуыңның мүмкіншіліктерін талап ет,  өйткені сен кәмелетке толмағансың.
  4. Мүмкіншілік болса, сен не үшін тотқанын анықта.
  5. Саған ешқандай қатысы жоқ төбелес болған кезде цифрлық фотосуретке, бейнеге түсірме.
  6. Ешқашанда бірудің сұрауымен бөтен нәрселерді алушы болма (ұялы телефондарды, бағалы бұйымдарды, пәтердің кілттерін және тағы басқа заттарды).
  7. Сенің жолдасың болса да, ешқашан ешкіммен бағалы нәрселермен ауыспа.
  8. Мектеп телефон нөмерін– 60-42-68 және сынып жетекшісінің нөмерін ___________ есіңде сақта.

 

 

 

Құрметті жасөспірім!

(8-11 сыныптар)

Мына ережелерді есіңе сақта:

  1. Сен әлі кәмелетке толмағансың, сондықтан бүкіл шешімдерде ата-ананың және сынып жетекшісінің келісімі керек.
  2. Криминалдық жағдайға тап болмау үшін кездейсоқ адамдармен таныспа.
  3. Мектеп үйірмелеріне, секцияларына, МАБ және ҰБТ дайындығына қатыс.
  4. Түндік клубтарға және дискотекаларға қажеттіліксіз қатыспа.
  5. Маскүнемділік сусындарын және темекі бұйымдарын қолданба.
  6. Егер полиция патрулі сені тоқтатса, өзіңді дұрыс ұста: ата-анаңның, сынып жетекшісінің және мектеп әкімшілігінің келуін тос; олардың қатысуысыз ештеңеге қол қойма.
  7. Қылмыс және құқықбұзушылық жасасаң – заң алдында жауаптысың.
  8. Өзіңе және өзіңнің ата-анаңның атына кір келтірме.
  9. Заңдаңдарды оқы, өзіңнің құқығыңды және міндетіңді білуші бол.
  10.  Келесі телефон нөмірлерін есіңе сақта:

Мектеп– 60-42-68

ТЖДО Сулейменова Г.А – 34-07-10

Әлеуметтік педагог Меньщикова Ф.Ч. –55-51-22

Сынып жетекшісі ____________________________

         Инспектор Рахмашев Б.Д.