«Кітапханамен таңысу»
17 ақпанда 2012 жылы №24 жалпы орта білім беру мектебінің кітапханасында «Кітапханамен таңысу» ойың-сабағы өткізілді.
Сабақтың мақсаты: оқырмандардың кітапқа құштарлығын арттыру, кітапқа деген құрмет, сүйіспеншілдікті қалыптастырып дамыту.
Сабаққа бірінші сыныптардың оқушылары қатысты. Олар бүгіннен бастап кітапхананың оқырмандары болып қабылданды.Кітапханашылар оларды кітапханамен, кітапхананың ережесімен таңыстырды.Оқушыларға «Кітап – білім бұлағы» атты көрме ұйымдастырыл-
ды, және «Ойлан, тап» ойын мен жұмбақтар жарысы өткізілді.
Сабақ өте қызықты өтті.Оқушылар сабақты ынтамен тындап, белсенді қатысты.