18 сәуір 2012 жылы №24 жалпы орта білім беру мектебінде жаратылыс тану пәндерінің мектепішілік сайысы өтті. Сайысқа 5-7 сынып оқушылары қатысты.
5 ә сынып оқушысы Аленов Алан « Автомобильдер конструкциясының даму болашағы»,
Тлектес Еркебұлан (5 ә сынып) «Су өмірдің бастауы» , Ибраев Сарсен ( 6 ә сынып) « Ұялы телефонның пайдасы мен зияны» тақырыбындағы жұмыстарын қорғады.Дайындаған физика пәнінің мұғалімі Мусина Атамгүл Қанжарбековна.
6 а сынып оқушысы Мұсабекова Самал математика пәнінен «Сандар туралы», Сериков Алмаз «Әл -Фараби» атты тақырыптарды қорғады. Дайындаған математика пәнінің мұғалімі Наскенова Айсұлу Сайленовна., Ақпанбаева Сабина , Жұмашева Аймен (6 а сынып) «Адам –өміріндегі интернеттің маңызы» ,дайындаған информатика пәнінің мұғалімі Мұқтарова Гүлсім Сейфуллақызы . Оқушылар тақырыпты жан-жақты ашып, слайдпен көркемдей білді. Оқу –ісінің меңгерішісі Қазимова Айгүл Шапкенқызы қортындылап , оқушыларды мақтау қағазсымен марапаттады.