Телефон доверия
8(7182)-60-42-89
email: sosh24@goo.edu.kz
Адрес: 140001, Павлодар қ, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 190
8(7182)-60-42-89
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
Дүйсенбі сағат 11.00-ден 13.00-ге дейін
In a year
In a month
In a week
Yesterday
Қазақстанның болашағы-біздің қолымызда!
12-01-2013 10:49
Қазақстанның болашағы-біздің қолымызда!

Осындай ұранмен біздің мектебіміздің жоғары сыныптарында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Жолдауы талқыланды.Өз сөзінде Перзидент елдің болашағы жастар, елдің ары қарай дамуын солар айқындайтынан айтқан болатын. Залда немқұрайлы отырған ешікм болған жоқ.Экономика, саясат, мәдениет,денсаулық сақтау және білім саласы талқыланды. Әсіресе қазіргі жастарға ең маңыздысы білім алу мен еңбекпен қамту мәселелері болды.

 

  Смаилов Рамил, жоғары сынып оқушылары Кеңесінің Президенті,омбудсмен, 11 сынып оқушысы: «Маған Президенттің бізге,жастарға сенетіні өте ұнайды. Біз өмір бойы оқу керектігін жақсы білеміз.Президент айтқандай біздер ең жаңа технологияны меңгеріп, ең жаңа өндірісте жұмыс істеуге дайын болуымыз керек. Бұл бізден сапалы білім мен өзімізді жетілдіруді талап етеді. Жаңа форматтың оқу комплекстері мұндай мүмкіндікті бізге бере алады.Менің ойымша, бұл біздің қолымыздан келеді.

 

Некрасова Светлана,9 сынып оқушысы: « Тілдерді дамыту барлығымыз үшін өте маңызды.Президент үш тілділік мемлекеттік деңгейге көтерілуі керек екендігін айтты.Біз шексіз мүмкіндіктері бар елде өмір сүріп, еңбек ететін болғандықтан  тілді білу біз үшін қажеттілікке айналады.

 

Смагулова Әйгерим, 10 сынып оқушысы: Жаңа Қазақстандық патриотизм туралы бөлім өте маңызды деп есептеймін. Қазақстан-менің туған отаным. Мен оны шексіз сүйемін. Менің ойымша мұнда тұратын барлық адамдар оның гүлденіп,күшті мемлекетке айналғанын көргісі келеді.

 

Талқылауға жас педагог мамандар,пән мұғалімдері қатысты. Бұл жастардың болашақ туралы  нағыз,салмақты  әңгімелесуі  болды.