Семинар-тренинг
Жиырма бірінші ғасырдың жан –жақты дамыған, дарынды адамын қалыптастыру бүгінгі күннің басты мәселесі. Жаңа білім беру технологиясының басты қағидалары оқытуды ізгілендіру, өздігінен дамитын, дұрыс шешім қабылдай алатын, өзін-өзі жетілдіріп, өсіруші, тәрбиелеуші тұлға қалыптастыру болып табылады.
Соған орай,қалалық бөлім беру бөлімінің әдіскері Бекбосынова Х.В. ұйымдастыруымен №24 ЖО мектебінде семинар –тренинг өтті. Семинарға қала мұғалімдері қатысып, осы стратегиаларды өздерінен өткізіп,өз пікірлерін ортаға салып, талқылап, салыстырып, жинақтап, тыңдап,еске түсіріп ой жазды.
Смағұлова Г.С. сабақтың жаңа кезеңдерін көрсете отырып, семинар-тренинг қатысушыларын белсенділікке және ойлануға көмектесетін тәсілдермен таныстырды.
Ұстаз семинар қатысушыларын үйренген стратегияларды жүйелі де тиімді қолдануға үйретті, мұғалімдердің белсенділігін жоғары деңгейге жеткізуге тырысты.