Үйірменің ашылуы
Биылғы оқу жылында бастауыш сыныпта, атап айтсақ 3, 4 сыныптарда жаңа «Сөз маржаны» үйірмесі ашылды. Ол үйірменің мақсаты оқушылардың тіл байлығын дамыта отырып, әр түрлі театрланған көріністер дайындау. «Әрбір оқушы – жеке тұлға» деп қарайтын болсақ, осы үйірме арқылы шығармашылық дарындылықты қалыптастыру, қиял елесін дамыту, көркем саздық іс-әрекеттерін бір сарынға салу. Оның балалар үшін тәрбиелік маңызы өте зор деп есептейміз.
Келешекте мәдениеті дамыған, сөз өнері қалыптасқан, бойындағы қабілетін паш ете алатын ұрпақты көздеп, соған қол жеткізе алу.
Бастауыш қазақ сынып мұғалімдері, үйірме жетекшілері: Мұсабаева Зауреш Қамалиденқызы, Садыкова Бағлан Аманжолқызы.