«Отбасылық тұрмыстық қарым-қатынас саласындағы құқықбұзушылықтың алдын алу » он-лайн конференция
2013 жылдың 12 қыркүйек күні мектеп әкімшілігі, ата-аналар комитетінің төрайымы, әлеуметтік ұстаз, сынып жетекшілер, оқушылар «Отбасылық тұрмыстық қарым-қатынас саласындағы құқықбұзушылықтың алдын алу » он-лайн конференцияға қатысты. Ол интербелсенді тәртіпте өткізілді. Ата-аналар, сынып жетекшілер, 9-сынып оқушылары шақырылды. Диалогқа 9 «В» сынып оқушылары Сыздыкова Әнел және Нежевенко Алина белсенді қатысты. Олар: «Кәмелетке толмаған оқушыны түнгі уақытта тоқтатқан жағдайда, ата-анасына қандай айыппұл салынады? », «Кәмелетке толмаған оқушыны тоқтатқан жағдайда заң бойынша полицияда қанша уақыт болады?» деген сұрақтар қойды.