Тұңғыш Президент Күніне орай Павлодар қаласының № 24 жалпы орта білім беру мектебінде «Болашақ біздің қолымызда!» атты ІІ жастар патриоттық мектепішілік Форумы өтті. Мерекелік безендірілген залда 8-11 сынып оқушылары, ұстаздар, ата-аналар қауымы жиналды. Форумға қатысқан қонақтар: «Нұр Отан» партиясының қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары А.К. Ешмуратов, ҚБББ басшысының орынбасары С.Ш. Сеитова, « Павлодар облысының жастар бастауларын дамыту орталығы» жастар жобасын дамыту бойынша инспектор С.Ж. Турарова, балалар құқығын қорғау бойынша бағыттау кеңесі мүшесі Р.Смаилов, педагогикалық еңбек ардагерлері. Форумда келген қонақтар, оқушылар, жас мамандар сөз сөйледі. Форумның ұраны - «Менің елім Қазақстан!», «Отан – Нұрсұлтан – Қазақстан!». Патриоттық ән шырқалып, қала жастарына үндеу салынды. Құрмет шеңберінде «Жас Ұлан» балалар ұйымының мүшелері, оқу озаттары, спорт жарыстарының жеңімпаздары, жобаларға қатысушылар және жас мамандар болды. Марапаттау рәсіміне келген қонақтар ат салысып, оқу белсенділерін, ең үздік спортшыларды және ұстаздарды марапаттады. Форум «Атамекен» әнімен аяқталды. Форумда қалалық теледидар және газет тілшілері болды.
«Болашақ біздің қолымызда!» ІІ жастар патриоттық мектепішілік Форумы