13 сәуірде №36 мектепте қалалық білім беру бөлімінің бас маманы Нұрахметова Шолпан Сәменқызы Жанпейісованың модульдік оқыту технологиясы бойынша қалалық шығармашылық топтың мұғалімдерін жинап, қазақ тілінен 5-9 сыныпқа арналған жыл бойы жасалған жұмыс дәптерлерін ұсынып презентация жасады.
Ұсынылып отырған жұмыс дәптерлері – оқулықта берілген материалды бекітуге арналған құрал. №24 ЖО мектебінің қазақ тілі мен әдебиет ұстаздары да құр қалмай 5, 7 сыныпқа құрастырды. Қалалық білім беру бөлімінің өкілдері Ш.С. Нұрахметова, Л.Б.Жүсіпова, Т.А.Бекежанова және «Жас дарын» мектебінің Бәтима Халыққызы дұрыс бағыт беріп К.Ш.Дулатова, Г.С.Смағұлова өз ойларын, әр түрлі мәліметтерін бір кітапқа айналдырып баспа бетіне шығарғанын дәлелдеді. Шығармашылық топтың жетекшісі А.Е.Камзина және Күлтай Шәкарқызы, Гүлнаш Серікқызы жұмыс дәптерлері бойынша өз пікірлерімен, тәжірибелерімен бөлісіп, пікірлерін ортаға салуға мүмкіндік алды. Жұмыс дәптеріндегі әр тапсырма тиімді екеніне барлығы куә болды.
Жұмыс дәптерлері жоғары бағаланды, әр мұғалімге сертификат беретін болды, баспа өнімдерін көбейтіп шығаруға мүмкіндік туғызды.