Сенім телефоны
8(7182)-60-42-89
email: sosh24@goo.edu.kz
Мекенжайы: 140001, Павлодар қ, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 190
8(7182)-60-42-89
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Дүйсенбі сағат 11.00-ден 13.00-ге дейін
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Павлодар облысы Жастар Бастамасын Дамыту Орталығының басшылары мен мамандарымен кездесу
07-10-2016 04:31
Павлодар облысы Жастар Бастамасын Дамыту Орталығының басшылары мен мамандарымен кездесу
Бүгін №24 мектептің жастары Павлодар облысы Жастар Бастамасын Дамыту Орталығының басшылары мен мамандарымен кездесті. Бұл жұмыстың ұйымдастырушылары №24 ЖОМ директоры Нұргүл Шампатқызы Рахимгожина және №24 ЖОМ жастар қанатының кураторы Алтыншаш Жанаталапқызы Никанбекова болды. Аталмыш шараға мектептің 20-дан астам жас мамандары қатысты. Жастардың ол жайлы айтқандары: - мектеп мұғалімі Д.Р. Хамзина: «№24 ЖОМ жастар қанатының келешегі зор, жастардың өсуіне жақсы мүмкіндік береді. Өз-өзіңді басқа қырынан көрсетіп, тұлға ретінде дамуына септігін тигізеді. Менің ойымша, кездесу сәтті өтті, ең маңыздысы, өз идеяңды жүзеге асыру үшін үлкен мүмкіндіктер мен ниеттер пайда болды». - ағылшын тілі мұғалімі Динара Ислямбекқызы Мукатова: «Мен Алтыншаш Жанаталапқызы ұйымдастырған Жастар Бастамасын Дамыту Орталығымен кездесу үшін өте қуаныштымын. Оған сол үшін алғыс айтамын. Өзім үшін жалға берілетін пәтерлер, шетелдердегі тағылымдама бойынша бағдарламалар туралы көп қызықты мәлімет алдым. Біз дәптерлерді тексеріп, ешқашан біпейтін есептерді тапсырып жүріп, шығармашылықпен және әртүрлі жобалармен айналысуға болатынын ұмытамыз. Осы кездесуден өзіме өте қызықты мәлімет алғаныма қуаныштымын. Ұйымдастырушылар және мектеп жастары мен олардың креативті идеяларына әрқашан қолдау көрсетіп жүрген, өзінің жаңашылдығымен ерекшеленетін Нұргүл Шампатқызы Рахимгожинаға үлкен рахметімді айтамын!» Кездесу қорытындылары бойынша, көптеген жастар мемлекеттік бағдарламалар, әсіресе жалға берілетін немесе мемлекеттік тұрғын үйлер туралы, сондай-ақ басқа заңды мәселелерді білмейтіндері анықталды. Бүгін талқыға салынған маңызды мәселелердің бірі – шетелдегі тағылымдамадан өту және/немесе оқыту жағдайлары болды. Тек «Болашақ» бағдарламасы жайлы ғана емес, сондай-ақ басқа да шетелде тағылымдамадан өту мүмкіндіктері туралы сөз қозғалды. Қазақстан әлем аренасында соңғы орында емес екендігі бәрімізге мәлім, сондықтан халықаралық деңгейдегі тәжірибесі мол мамандарды даярлау қажеттігі туындап отыр. Бүгінгі таңда республикамызда бастамасы мол жастарға материалдық және моральдық көмек қолдау көрсетуге бағытталған әртүрлі компаниялар, сайыстар мен бағыттар ашылуда. Бұл ретте, №24 ЖОМ қазіргі заман талаптарына сай жастар орталықтарына көп көңіл бөліп, оларға барынша қолдау көрсетіп келеді. Осы мектепте 40-тай жас маман еңбек етіп келеді, мен де сол қатардың бірі ретінде өте қуаныштымын. Натан Ротшильд «Кім ақпаратқа ие, сол әлемге ие» демекші, осындай шаралар жиі болып тұрса екен деп ойлаймын. Сонда біз уақытында қажетті ақпарат алушы едік, көптеген жобаларға қатысып, өзіміздің мүмкіндіктерімізді жүзеге асырушы едік... Қазақстанның болашағы - жастар қолында! Алтыншаш Шарипуллақызы Кусаинова №24 мектеп мұғалімі