Облыс көлемінде дөңгелек үстел
22 қаңтарда №24 мектепте қазақ тілі мен әдебиет мұғалімдері «Қазақ тілі» пәнінің қазақ тілінен басқа тілде оқытатын мектептерінің 1-11 сыныптарына арналған деңгейлік оқулықтары мен оқу-әдістемелік кешендерін оқу процесіне енгізуге байланысты қазақ тілі мұғалімдеріне әдістемелік қолдау мақсатында облыс көлемінде дөңгелек үстел ұйымдастырды «Өрлеу» ұлттық біліктілік арттыру орталығының аға оқытушысы Махадил З.Ш. сөз алды. Шакиримова Н.Қ. деңгейлік оқулықтар бойынша шеберлік сағат өткізді. Смағұлова К.С. «Оқыту қазақ тілінде емес мектептердің 1-11 сыныптарына арналған қазақ тілі пәні бойынша І жартыжылдық қорытындысы» бойынша баяндама оқыды.