Сенім телефоны
8(7182)-60-42-89
email: sosh24@goo.edu.kz
Мекенжайы: 140001, Павлодар қ, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 190
8(7182)-60-42-89
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Дүйсенбі сағат 11.00-ден 13.00-ге дейін
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
ОТБАСЫ КҮНІНЕ ОРАЙ ІСШАРА
20-09-2017 18:35
ОТБАСЫ КҮНІНЕ ОРАЙ ІСШАРА

2017 жылғы 05 қыркүйектен бастап 20 қыркүйекке дейін Отбасы күніне орай ісшаралар ұйымдастырылды. Мектепте Отбасы күнін ұйымдастырудың мақсаты отбасылық құндылықтарды қалыптастыру, отбасы мен мектеп арасындағы қарым-қатынасты нығайту.педагогтардың ең басты міндеттерінің бірі ата-аналарды мектептің тәрбие беру үрдісіне қатыстыру, біртұтас тәрбие кеңістігін «ата-ана – бала - мұғалім» құру болып табылады.
Отбасы күніне арналған апталық салтанатты түзілуден басталды. Оның мақсаты оқушыларға өмірдегі ең маңыздысы бұл отбасы екенін ұғындыру.
Сынып жетекшілері келесідей тақырыпта сынып сағаттарын өткізді: «Менің отбасым — менің қамалым», «Сенің отбасың — сенің көмекшің», «Семь плюс Я», «Отбасы және отбасылық құндылықтар». Бұл сынып сағаттарында балалар отбасындағы махаббат, бір-бірін қолдай білу, сүю, бір-біріне көмек көрсету сияқты құндылықтармен танысты.
5-10 сынып оқушылары арасында «Менің отбасым – ең керемет отбасы», «Жеті бақыт түсі» тақырыпта суреттер конкурсы ұйымдастырылды. Үздік қатысушылар грамоталармен марапатталды.