16 ЖЕЛТОҚСАН ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІ ҚАРСАҢЫНДА ӨТКЕН ІС-ШАРА!!!
14 желтоқсан күні №24 жалпы орта білім беру мектебінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында және Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік Күні қарсаңында «Жас Қыран», «Жас Ұлан» балалар-жасөспірімдер ұйымдарымен салтанатты жиын өтті. Оқушылармен әңгімелесу орталықтары жүргізіліп, видеослайд көрсетілді. «Жас Ұлан» ұйымының мүшелері ән шырқап, би биледі. Іс-шараны өткізу барысында алға қойылған мақсат орындалды. Барлық кезеңдері бойынша оқушылар өз өнерлерін шынайы түрде көрсете білді. Іс-шара көрермендерге өте ұнады.