ТОО «AGRIPP Business Group» ЖШС «ЭКО-БОЛАШАК» әлеуметтік-экономикалық жобасы аясында макулатураны жинау бойынша науқан жариялады.
20 қазаннан бастап мектепте аталмыш науқанның мәні туралы тәрбиелік-түсіндірме жұмыстары өткізіліп, қысқа мерзім ішінде 140 кг аса макулатура жиналды.
Келесі сыныптар өте белсенді қатысты: 1 «Г», 1 «Е», 2 «А», 2 «Г», 2 «Д», 3 «В», 4 «Ә» , 4 «Г», 4 «Ж», 5 «Д», 6 «Ә», 6 «В» , 6 «Д», 4 «Б», 8 «А», 8 «Г» , 8 «В», 9 «В». Сондай-ақ, 2 «А» және 4 «Ж» сыныптардың оқушылары мен ата-аналарын ерекше атап өтуге болады. Олар белсенділік танытып, 85 кг макулатура жинап тапсырды. Аталмыш сыныптар Президент күніне арналған салтанатты шарада аталды. 2 желтоқсанда макулатураны қабылдауға «Газель» автокөлігі келді.
Мектебіміздің оқушылары макулатураны үлкен мақтанышпен көлікке салуға көмектесті. Осы науқанның өкілдері балаларды мақтап, мектебімізге алғыстарын білдірді.
Әлеуметтік педагог: Тунгушева З.М.
Бала құқықтарын қорғау жөніндегі инспектор: Меньщикова Ф.Ч.