Қатысушылар елдің төртінші өндірістік революция жағдайында дамуына арналған ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың жыл сайынғы Халыққа жолдауы туралы видеожазбаны қызығушылықпен қарады. Мектеп директоры Н.Ш. Рахимгожина баса назар аударған мәселелер – Қазақстан жаңғыруының негізгі бағыттарын жүзеге асырудағы Қазақстан Үкіметі мен халқының міндеттері. Сондай-ақ, Нургуль Шампатовна елдің жаңғыруы үрдісінде жас ұрпақтың рөлі ерекше екенін атап өтті.
Тарих мұғалімі Р.Н. Рахимжанова Жолдаудың негізгі тарауларын түсіндіріп, құжаттың басты идеясы – Қазақстан әлем аренасындағы орны, барлық салалары бойынша әлемдік аренаға енуі
Талқылауға қатысқан оқушылар Жолдауда әлеуметтік саясатқа, халықтың әл-ауқатын көтеруге, адам капиталының сапасын арттыруға көп көңіл бөлінеді. Білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік және тұрғын үй, экономика салаларында өзгерістер енгізіледі.
11 қаңтар күні 1-11 сыныптарда ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Халыққа Жолдауы тақырыбында бірыңғай сынып сағатын өткізу бойынша шешім қабылданды.
10 ҚАҢТАР КҮНІ №24 ЖОМ 9-11 СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫ МЕН МҰҒАЛІМДЕР АРАСЫНДА ҚР ПРЕЗИДЕНТІ Н.Ә. НАЗАРБАЕВТЫҢ «ТӨРТІНШІ ӨНДІРІСТІК РЕВОЛЮЦИЯ ЖАҒДАЙЫНДА ДАМУДЫҢ ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕРІ» ХАЛЫҚҚА ЖОЛДАУЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ