Сенім телефоны
8(7182)-60-42-89
email: sosh24@goo.edu.kz
Мекенжайы: 140001, Павлодар қ, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 190
8(7182)-60-42-89
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Дүйсенбі сағат 11.00-ден 13.00-ге дейін
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Павлодар қаласының «№ 24 ЖОМ»ММ –нің бастауыш мектебінде «Ура, сабақ!» атты фестивалі
21-02-2018 13:04
Павлодар қаласының «№ 24 ЖОМ»ММ –нің бастауыш мектебінде «Ура, сабақ!» атты фестивалі

      «№ 24 ЖОМ»ММ – нің бастауыш мектебінің пәндік апталығында 2018 жылдың 5 ақпанынан 15 ақпан аралығында «Ура, сабақ!» фестивалі өтті. Бастауыш мектептің барлық мұғалімдері әртүрлі технологияларды қолдану арқылы ашық сабақтар өткізді.

2018 жылдың 5 ақпанында 3 «Д» сыныбында орыс тілі пәнінен «Уақыт бойынша етістіктерді өзгерту» бойынша ашыө сабақ өткізілді. Бастауыш сынып мұғалімі М.Т. Алинова оқытудың жаңа әдістерін қолдану арқылы сабақ жоспарын әзірлеп, ашық сабақ берді. Барлық оқушылар сабақ үстінде өздерін еркін сезінді және бұл жоғары деңгейде жұмыс істеуге рұқсат берді. Олар ойын түрінде барлық берілген тапсырмаларды өз еркілерімен жоғарғы деңгейде орындады. Әрбір кезеңде әр түрлі іс-әрекеттерімен жүзеге асты. Оқушылардың қызығушылығы арта түсті.


2018 жылдың 6 ақпан күні 4 «Г» сыныбында дүниетану пәнінен « Орман өсімдіктері мен жануарлары» тақырыбында ашық сабақ өтті. Сабақ топқа бөлу арқылы жүзеге асты. К.К.Комутова сабақты сын тұрғысынан ойлау технологиясы бойынша өткізді.

2018 жылдың 12 ақпан күні 3 «В» сыныбында «Пичугин көпірі» тақырыбы бойынша әдебиеттік оқудан Н.Т. Емельянова ашық сабақ өткізді. Сабақ зертханалық сабақтан басталды.
Тақырыптық суреттерді біріктіру арқылы топтарды құрды. «Топта жұмыс істеу ережесі» жеребье таңдау арқылы анықталды. Бұл оқушылар үшін жағымды психологиялық ахуал қалыптастыруға мүмкіндік берді.
Оқушылардың белсенділігін арттыруда өзін –өзі бағалау, топ ішінде өзін –өзі бағалау, кілт арқылы бағалануы, бақылау арқылы бағалаудың бірнеше түрін қолдану арқылы өткізілді. «Жұлдыз сыйла» ойыны арқылы технологияның бір түрі қолданылды.

2018 жылдың 12 ақпанында 2 «Е» сыныбында орыс тілі пәні бойынша А.М.Нурдильдина «бүртұтас және көптік зат есім түрлері» тақырыбында үштілділікті қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілін қолдану әдістемесі арқылы ашық сабақ өткізді. Оқушыларға түрлі деңгейдегі қызығушылық тудыратын тапсырмаларды орындау арқылы өздерінің тілдер бойынша білімдерін тексере алды.

2018 жылдың 9 ақпан күні 2 «З» сыныбында дүниетану пәні бойынша «Ғаламшарлар қалай өмір сүреді?» атты тақырыбы бойынша ұстаз Л.В. Анянева ашық сабақ берді. Оқушылар ғаламшарлар туралы дереккөздерін жинақтады.Оқушылар топта жұмыс істеу арқылы ғаламшар туралы постер құрды. Бірлесіп жұмыс істеу арқылы оқушылар ғаламшар туралы көп білім алды.

14 ақпан 2018 жылы 4 «Е» сыныпта әдебиеттік оқу пәні бойынша «Г.Х. Андерсен «Жабайы аққулар» тақырыбы бойынша ашық сабақ берді. Ұстаз Н.К.Макина жарыс түрінде сабақ жоспарын әзірледі. Барлық балалар белсенді және көңілді жұмыс істеді.

14 ақпан 2018 жыл 1 «Г» сыныбында О.В. Шлейнина сауат ашу пәні бойынша «Қазақстанға саяхат» атты тақырыпта сын тұрғысынан ойлау әдісі бойынша ашық сабақ өткізді.


Ұстаздар өздерінің сабақтарында топпен жұмыс жасауды кеңінен қолдануда. Осылай сабақ өткізуде оқушы бойында ақпараттық, көпшілік қасиеттері, ерекше терминдерді есте сақтау, өзіндік бағалау, топ ішінде жұмыс жасау, жазбаша, ауызша, ақпараттық коммуникациялық технология арқылы білім алу кеңінен жұзеге асады. Сонымен қатар сөйлемдегі коммуникативті өзара қарым-қатынас (өзара қарым-қатынас, ақпарат беру, алу) проблемалық (мәселені алдын-ала қарастырып, шешімдерді табу), рефлексивті (мүмкіндігінше өз жұмысын бағалайды, жұмыс жасау) тығыз байланысты.