Бүгін, 2018 жылдың 11 мамыр күні «№24 жалпы орта білім беру мектебі» ММ-нің арнайы болашақ бірінші сынып оқуышалырының ата-аналарына арналған ашық есік күні өткізілді. Іс-шарамыздың арнайы қонағы ретінде Павлодар облысының қазақ тілі қоғамының орынбасары Қаршыға Қабыкенұлы Шаяхметов қатысты. Іс-шара төмендегідей жоспар бойынша жүзеге асты:
1. Пленарлық бөлім (мектептің мәжіліс залында өткізілді) (10.00-10.30)
- Мектеп директоры Нұргүл Шампатқызы Рахимгожина сөз берілді.
- Шағын концерттік бағдарлама ( би ,өлең)
- Интербелсенді тақтада мектептің орынбасары Раушан Қабиденқызы Қасымқанова «Қазақ мектептірінң басымдықтары» туралы баяндама оқыды.
- Кейін мектебіміздің ата-анасы Қадиша апай өзінің екінші және шағын орталықтағы немерелерінің ұстаздары, қазақ мектебінің мәртебесін жоғары деңгейде екенін атап айтып өтті.
- Кейін мектеп психологы Сағидолла Мүтәлапұлы Шәзінда болашақ ата-аналарға 10 шақты кеңесін ұсынды.
2. 2017-2018 оқу жылының болашақ ұстаздары Мұсбаева Зауреш Камалиденовна, Сүлейменова Рымкеш Жеңісовна, Сейтжанова Ләззат Мұратовна, Карибаева Шәку Айнешовна (4 сынып ұстаздары) 54,50,53,49 кабинеттерге ашық сыныптан тыс іс-шаралар көрді.(10.35-11.15)
3. Мектеп ішіне саяхаттау:(11.20-12.20)
–Мектеп мұражайы, робототехника кабинеті,шахмат кабинеті, компьютерлік залдар, спорт залдары, арнайы жабдықталған кабинеттер, мектеп алаңындағы скиф бокс залына саяхат жасады.
«Ашық есік күні»