Телефон доверия
8(7182)-20-42-05
Адрес: 140001, Павлодар қ, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 190
қабылдау бөлімінің хатшысы 8(7182)-22-42-50
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
Дүйсенбі сағат 11.00-ден 13.00-ге дейін
In a year0
In a month0
In a week0
Yesterday0
Достық планетасы
06-06-2018 08:42
Достық планетасы

Бүгін 5 маусым күні №24 ЖОМ ММ жанындағы «Ғажайып әлемі» жазғы сауықтыру лагеріндегі күн «Достық туралы сөйлесейік» тақырыбында шара өткізілді, онда ойын түрінде достық деген не және қалай дұрыс достасу қажет екені көрсетілді.
Таңғы астан кейін балалар бірнеше топқа бөлініп, қызыққа толы саяхатқа кетті.
Бірінші топ Ж.Аймауытов атындағы қазақ драма театрына барып, қорғау қызметтері туралы қызықты қойылым көрді.
Екінші топ «Астана» мұз айдынына барды, конькимен сырғанады. Сырғанай алмайтын балаларға жаттықтырушылар тарапынан көмек көрсетілді.
Үшінші топ мектепте қалып, Ұлы Дала скауттары ұйымдастырған қызықты іс-шараға қатысты. Скауттар кім екенін біліп, олардың рөлінде де өздерін сынап көрді.
Сонымен қатар, бір жасақ қаланың №10 кітапханасына барып, туған өлкенің тарихы туралы көп мәлімет алып келді. Кітапханадан келгеннен кейін, балалар шығармашылық шеберханаға барып, өз қолымен түрлі-түсті қағаздан жазғы сөмкелер жасады.
Түскі ас пен ұйқыдан кейін балалар эстафетаға белсенді қатысып, өздерінің күш-жігерлерін көрсетті.
Бүгінгі күн осындай ұмытылмас көңілді де қызықты оқиғаларға толы болды!