Елбасы Н.Ә. Назарбаев пен Үкімет ұлтаралық саясатқа баса назар аударады. Қазақстан Халықтары Ассамблеясы құрылды, ұлттық орталықтар ашылды, әртүрлі ұлт өкілдерінің өздерінің ана тілін оқуы бойынша жан-жақты көмек көрсетіледі.Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Жолдауында үштілділік туралы айтылады: «Болашақ ұрпақ қазақ тілін – мемлекеттік тіл, орыс тілін – ұлтаралық қатынас тілі, ағылшын тілін – халықаралық қатынас тілі ретінде меңгеруі қажет». 22 қыркүйек Қазақстанның барлық халықтары үшін маңызы зор күн болып табылады. Аталмыш күнді мерекелей аясында №24 ЖОМ оқушылары «Облыстық көзі көрметіндерге және нашар көретіндерге арналған арнайы кітапханасы» КММ базасында «Любой язык по - своему велик, бесценное наследство вековое» атты әдеби сағатын өткізді.
М.П. Соловьева мен З.К. Идрисованың жетекшілігімен вокалды топтар музыкалық нөмірлерін көрсетті. Хореограф Б.З. Абылгазинованың жетекшілігімен әртүрлі ұлттардың хореографиялық нөмірлері көрсетілді.