Сенім телефоны
8(7182)-60-42-89
email: sosh24@goo.edu.kz
Мекенжайы: 140001, Павлодар қ, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 190
8(7182)-60-42-89
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Дүйсенбі сағат 11.00-ден 13.00-ге дейін
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
«Жас полицейлер» кадет сыныбының ашылуы
22-02-2019 16:22
«Жас полицейлер» кадет сыныбының ашылуы

Кадет сыныбының салтанатты ашылуы 2019 жылғы ақпанның 22-нде Павлодар қ. №24 ЖОМ ММ-де өтті. Мақсаты  - кадет сыныбының әлеуметтік-педагогикалық кеңістігінде оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастыру және іске асыру, маңызды рухани-адамгершілік және әлеуметтік құндылықтар ретінде азаматтық, патриотизм принциптерінде білім мен тәрбие алатын тұлғаны қалыптастыру, бейбіт өмір және соғыс кезі жағдайында конституциялық және әскери борышқа адал болуға, жоғары жауапкершілікке, тәртіптілікке тәрбиелеу. Павлодар облысы ПД бастығы полиция генерал-майоры А.А. Әубәкіров, Павлодар облысы білім басқармасы басшысының орынбасары Р.К. Аканова, Павлодар қ. білім беру бөлімінің басшысы С.О. Айтказина, арнайы бөлімшенің қызметкерлері,   Полиция департаментінің кинологтар командасы, 6679 Ә/Б оркестрі, ата-аналар, мектеп оқушылары мен педагогтары қатысты.

Оқушының кадет сыныбында оқуы ата-аналар (заңды тұлғалар) мен оқушылардың ниеті мен таңдауы бойынша жүзеге асырылады. Кадет сыныбының әлеуметтік-педагогикалық кеңістігіндегі оқыту үрдісі құқық қорғау органдары жүйесі мен мектеппен әзірленетін және бекітілетін оқу жоспары мен оқу сабақтарының жылдық күнтізбелік кестесі негізінде жүзеге асырылады және факультативтік сабақтармен реттеледі. 7 «Г» сыныбының 25 оқушысы оқитын болады.Кадеттерге құқық қорғау тақырыбы бойынша сабақтарды заңдық білімі бар тәжірибелі мамандар жүргізеді. Қосымша пәндерден қаруды жинау және бөлшектеу, саптық даярлық, нормативтік-құқықтық құжаттарды білу енеді. Оқушылардың полиция киімі үлгісімен арнайы мектеп формасы бар.

 Кадеттер еркінділік принципі бойынша Павлодар облысы Полиция департаментімен өткізілетін әртүрлі мәдени және спорттық-бұқаралық іс-шараларға қатысады.  

Жобаның бастамашысы Павлодар облысы Полиция департаменті болып табылады, олар кадеттерді өз қамқорлықтарына алды. Осындай сыныптар ашу тәртіп пен оқу үлгерімін арттыруға, белсенді азаматтық ұстанымды қалыптастыруға мүмкіндік береді. Сыныбының оқушыларына салтанатты түрде кадет куәлігі берілді. Арнайы бөлімшесі, кинологтар көрнекі өнерін көрсетті.