Телефон доверия
8(7182)-60-42-89
email: sosh24@goo.edu.kz
Адрес: 140001, Павлодар қ, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 190
8(7182)-60-42-89
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
Дүйсенбі сағат 11.00-ден 13.00-ге дейін
In a year
In a month
In a week
Yesterday
«Тілдер айлығы» шеңберінде
16-09-2019 21:18
«Тілдер айлығы» шеңберінде

9.09.2019 ж №24 ЖО мектебінде «Тілдер айлығы» шеңберінде 8- сынып аралығында «Бір ел-бір кітап» республикалық акция шеңберінде Ә.Кекілбаевтің «Аңыздың ақыры», Ә.Тәжібаевтің «Поэзия» кітаптарын жаппай оқуға арналған іс-шара өткізілді. Мақсаты: ұлттық әдебиетіміздегі ең үздік деген туындыларды оқу және насихаттау, оқу ісін ілгерілету, рухани мұрамызды сақтау, жастарды отаншылдыққа әрі өнегелілікке тәрбиелеу болып табылады. Әбділдә Тәжібаевтың поэзиясымен және ғасырлар тереңінен келе жатқан даналардың заңды жалғасы, жаңа заман зиялыларының көш бастаушысы Әбіш Кекілбаевтың «Аңыздың ақыры» романымен жақынырақ таныса алды. Оқушылар ақын- жазушылардың өмірбаянымен танысып,Ә. Кекілбаевтың «Аңыздың ақыры» атты романымен танысып, әр сюжетке тоқталып, талқылады. Ә. Тәжібаевтың шығармаларына шолу жасалып, «Толғай», «Жаңа ырғақ», «Аралдар», «Жартас», «Құрдастар» өлеңдеріне лирикалық талдау жасалды. Соңында оқушылар рефераттарын оқып,,слайдтарға тоқталып, топта жұмыстарын қорғады. 

Казыбаева Ү.Ж. Смагулова К.С.