«Денсаулықты нығайтуға ықпал ететін мектептер» атты 10 облыстық конференция өтті.
29 сәуріде арнаулы денсаулық түзетім мектебінде «Денсаулықты нығайтуға ықпал ететін мектептер» атты 10 облыстық ғылыми-практикалық конференция өтті.
Пленарлық бөлікті салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының директоры Баймаханов Т.Б., денсаулық сақтау басқармасының орынбасары Гимадиева М.Г.ашты
Аталған конференцияға оқу мекемелерінің басшылары, мектепке дейінгі мекемелердің тәрбиешілері, психолог мамандар, әлеуметтік педагогтар, әр аудандағы қызметкерлер шақырылды. Бір айта кетерлігі, мұндай конференция облысымызда осымен 10 рет ұйымдастырылып отыр. Басты мақсат – мамандарға көмек көрсетіп, оларды үйрету.
Жиында бас қосқан әр саланың мамандары көтерілген мәселені жан-жақты талқылап, өз пікірлерін ортаға салды.