Сенім телефоны
8(718-2)-54-54-51
email: 29school@mail.ru
Мекенжайы: Қазақстан Республикасы Павлодар қаласы, Катаев көшесі 22
тел.: 54-54-51
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Дүйсенбі 16.00 - 18.00 Бейсенбі 15.30 - 17.20
Главное достоинство учителя - это:
Голосовать
Человеческие качества - 128
Любовь к детям - 110
Качество подготовки к экзаменам - 65
Блестящее знание предмета - 56
Всего проголосовало: 359
Смотреть результат
Бір жылда3065391
Бір айда286234
Бір аптада44424
Кеше2859
Тәулік840
Патронат

 

Патронат тәрбиешiлерге берiлген баланы (балаларды) асырап-бағуға арналған ақша қаражатын төлеу ережесi

 

  1. Жалпы ережелер

 

            1. Осы Патронат тәрбиешiлерге берiлген баланы (балаларды) асырап-бағу ға арналған ақша қаражатын төлеу ережесi (бұдан әрi — Ереже) «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес әзірленді және патронат тәрбиешiлерге берiлген жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсызқалған баланы (балаларды) асырап-бағуға арналған ақша қаражатының ай сайынғы төлемдерiнiң тәртiбi мен мөлшерiн белгiлейдi.
            2. Патронат тәрбиешiлерге берiлген баланы (балаларды) асырап- бағуға арналған ай сайынғы ақша қаражатының төлемi олардың ата- аналық құқықтарының шектелуiне немесе айрылуына, ата-аналарды хабарсыз кеткен деп тануға, оларды қайтыс болды деп жариялауға, әрекет етуге қабiлетсiз (әpeкeт ету қабiлетi шектеулi) деп тануға, ата-аналардың бас еркiнен айыру орындарында жазаларын өтеуiне, ата- аналардың баланы тәрбиелеуден немесе оның құқықтары мен мүдделерiн қорғаудан жалтаруына байланысты, оның iшiнде ата-аналардың өз баласын тәрбие немесе емдеу мекемесiнен алудан бас тартқан жағдайда ата-аналарының бiрiнiң немесе екеуiнiң де қамқорлығынсыз қалған кәмелетке толмаған балаға жүргiзiледi.

 

 

2.Патронат тәрбиешiлерге берiлген баланы (балаларды)
асырап-бағуға арналған ақша қаражатын төлеу тәртiбi

           

            3. Патронат тәрбиешiнің еңбекақы төлемдері Қазақстан Республикасының заңдарымен бекітіледі. Патронат тәрбиешiнің еңбекақы төлемдерінің шарты (Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 1400 қаулысы).

            4. Балаға ақша қаражатын алу үшiн патронат тәрбиешi баланың тұратын жерi бойынша қорғаншылық және қамқоршылық органына:

            1) ақша қаражатын тағайындау туралы өтiнiш;
            2) баланың туу туралы куәлiгiнiң көшiрмесiн;
            3) балаға ата-аналарының бiрiнiң немесе екеуiнiң де қамқорлығының жоқтығын (ата-аналарды ата-аналық құқықтан айыру туралы сот шешiмi, өлiмi туралы куәлiк және басқалар) растайтын құжаттардың көшiрмесiн;
            4) баланың бiлiм беру ұйымында оқитындығы туралы анықтаманы;
            5) патронаттық тәрбиешi мен қорғаншылық және қамқоршылық органы арасындағы шартты ұсынады.

            5. Қорғаншылық және қамқоршылық органы патронат тәрбиешi өтiнiш берген сәттен бастап 15 күндiк мерзiмде ақша қаражатын тағайындау туралы шешiм қабылдайды, оның көшiрмесi патронат тәрбиешiге берiледi.

            6. Ақша қаражаты, меншiк нысандарына қарамастан, бiлiм беру ұйымдарында толық мемлекеттiк қамтамасыз етуде тұрған қамқорлыққа алынған балаларға төленбейдi.

            Қорғаншылық пен қамқоршылық органының қамқорлыққа алынушыға ақша қаражатын тағайындаудан бас тартуы туралы шешiмiне патронат тәрбиешi сотқа шағымдана алады.

            7. Патронат тәрбиешiге баланы (балаларды) асырап-бағуға көзделген ақша қаражатын төлеу қорғаншылық және қамқоршылық органының шешiмi мен патронат тәрбиешi мен қорғаншылық және қамқоршылық органы арасындағы шарттың негiзiнде облыстардың (қалалардың, аудандардың), республикалық маңызы бар қаланың және астананың бiлiм беру басқармаларының жергiлiктi органдары арқылы жүзеге асырылады.
      8. Қамқоршылыққа алынушыға арналған ақша қаражаты патронат тәрбиешiге ай сайын толық мөлшерде өткен айдың 15-күнiнен кешiктiрмей, облыстардың (қалалардың, аудандардың), республикалық маңызы бар қаланың және астананың бiлiм беру басқармаларының жергiлiктi органдары арқылы қорғаншылық және қамқоршылық органы төлейдi.

            9. Қамқоршылыққа алынған балаға арналған ақша қаражаты, оның туған айын қоса алғанда, қамқоршылыққа алынушы 18 жасқа толғанға дейiн, оларды төлеудi мерзiмiнен бұрын тоқтатуға соқтыратын жағдайларды қоспағанда, тағайындалады және патронат тәрбиешiге төленедi.

            16-дан 18 жасқа дейiнгi оқып жүрген қамқорлыққа алынушыға ақша қаражаты патронат тәрбиешi үлгiсiне, түрiне және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, бiлiм беру ұйымынан анықтама ұсынған жағдайда төленедi. Анықтама оқу жылында екi рет қазанның 1-нен 15-не дейiн және наурыздың 1-нен 15-не дейiн берiледi.

            10. Денсаулық жағдайына байланысты оқымайтын және жұмысқа орналаспаған (медициналық қорытындысы болған кезде) және жұмыс орнының жоқтығына немесе өзге де негiздемелерге байланысты жұмыс iстемейтiн 16-дан 18 жасқа дейiнгi қамқорлыққа алынған балаларға ақша қаражатын төлеу кезiнде патронат тәрбиешi тоқсан сайын ақша қаражатын төлеудi жалғастыру үшiн осы негiздемелердiң барлығын растайтын тиiстi құжаттарды қорғаншылық және қамқоршылық органына ұсынады.

            12. Органның балаға (балаларға) ақша қараатын тағайындаудан бас тарту туралы шешімімен келіспеген жағдайларда патронаттық тәрбиеші оны сәт тәртібінде шағымданады.

 

 

3. Патронат тәрбиешiге берiлген баланы (балаларды) асырап-
бағуға арналған ақша қаражатын төлеу мөлшерi мен тоқтату
негiздемелерi

 

            13. Патронат тәрбиешiлерге берiлген баланы (балаларды) асырап-бағуға арналған ақша қаражатының төлемi ай-сайын (патронат тәрбиешi мен қорғаншылық және қамқоршылық органының арасында шарт жасалған күннен бастап) он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде жүргiзiледi:

            14. Патронат тәрбиешiге ақша қаражатын төлеу мынадай негiздемелер бойынша тоқтатылады:

            1) қамқорлыққа алынушының кәмелетке толуы;

            2) қамқорлыққа алынушының толық мемлекеттiк қамтамасыз ету үшiн тәрбие, емдеу мекемесiне, жетiм балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған халықты әлеуметтiк қорғау мекемесiне және басқа да ұқсас мекемелерге орналасуы;

            3) қамқорлыққа алынған баланы асырап алу;

            4) кәмелетке толмағанның жұмысқа орналасуы;

            5) патронат тәрбиешiнiң өз мiндеттерiн атқарудан аластатылуы;
            6) шарт мерзiмiнiң өтуi немесе мерзiмiнен бұрын бұзылуы.
            15. Ақша қаражатын төлеудi тоқтату қорғаншылық және қамқоршылық органының шешiмi бойынша, төлемдi тоқтатуға әкеп соқтырған жағдайлар туындаған айдан кейiнгi айдан бастап жүргiзiледi.

            16. Ақша қаражатын төлеудiң тоқтатылғаны туралы патронат тәрбиешiге шешiм қабылданған күнiнен бастап бiр айлық мерзiмде қорғаншылық және қамқоршылық органы хабарлайды.

 

 

4. Қорытынды ережелер

 

            17. Патронат тәрбиешi уақытылы алмаған есептелген ақша қаражаты, егер ол үшiн өтiнiш қамқорлыққа алынушы 18 жасқа толғанға дейiн берiлсе, онда өткен кезең үшiн төленедi.

            Қорғаншылық және қамқоршылық органының кiнәсiнен алынбаған ақша қаражаты барлық өткен кезең үшiн төленедi.

            18. Заңсыз төленген және алынған ақша қаражаты, егер артық төлем алушының тарапынан терiс пайдаланудың нәтижесiнде болса, патронат тәрбиешiден өндiрiлiп алынады.

            Артық төленген қаражатты өндiрiп алу сот шешiмiнiң негiзiнде жүргiзiледi.

            19. Патронаттық тәрбиеші шығыстардың тіркелуін оңай нысанда кіріс және шығыс қаражаттарын жазбаша нысанда жүргізеді.

            20. Ақша қаражаттарының жұмсалуына бақылауды орган жарты жылда бір рет жүргізеді.

           

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                                       Патронат тәрбиешiлерге баланы
(балаларды) асырап-бағуға арналған
ақша қаражатын төлеу ережесiне
қосымша

 

Баланы (балаларды) патронаттық тәрбиелеуге беру туралы үлгi шарт

_________________                                               20 ж. "__" ______________
(қала, аудан)                                                                                  N_______

      1. "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі негiзiнде iс-әрекет ететiн қорғаншылық және қамқоршылық органы

____________________________________________________________ атынан
           (лауазымы, тегi, аты, әкесiнiң аты)
және_____________________________________________ азаматтар (-т,-ша)
    (лауазымы, тегi, аты, әкесiнiң аты, төлқұжаттық деректер)
________________________________________________ мекен-жайда тұратын
                (мекен-жайы)
      бұдан әрi - патронат тәрбиешi (патронат отбасы) деп аталатын төмендегiлер туралы осы шартты жасасты:

Шарттың мәнi

            2. Қорғаншылық және қамқоршылық органы патронат тәрбиешiге (патронат отбасына) ______________________________________________
                        (тегi, аты, әкесiнiң аты)
тәрбиелеуге ал патронат тәрбиешi (патронат отбасы) баланы (балаларды)
__________________________________________________________________
 (балалардың тегi, аты, әкесiнiң аты, тууы туралы куәлiгiнiң N, сериясы, кiм және қашан берiлдi)
________________________________________________________ патронаттық
тәрбиелеуге (патронат отбасына) алады және тұруы, тәрбиеленуi мен оқуы, сондай-ақ дене, психикалық, адамгершiлiк және рухани дамуы үшiн қажеттi тұрғын үй-тұрмыстық жағдай туғызуға мiндеттенедi.
            3. Баланы (балаларды) патронат тәрбиешiге (патронат отбасына) беру қорғаншылық және қамқоршылық органының шешiмiмен ресiмделедi.
            10 жасқа толған бала патронаттық тәрбиелеуге патронат тәрбиешiге (патронат отбасына) осы Шарттың бөлiнбейтiн бөлiгi болып табылатын оның жазбаша келiсiмiмен берiледi.

 

Тараптардың құқықтары мен мiндеттерi

            4. Қорғаншылық және қамқоршылық органының құқығы мен мiндеттерi:
            баланы асырап-бағуға және тәрбиелеуге, оның денсаулық жағдайына бақылауды, оның мүлкiн басқаруды жүзеге асырады;

            оқыту мен тәрбиелеудiң нысандары мен әдiстерiн ұсынады;

            патронат тәрбиешiге (патронат отбасына) мынадай құжаттарды тапсырады:
            туу туралы куәлiк;

            денсаулығының жағдайы туралы медициналық анықтаманы және баланың ауру тарихынан үзiндi;

            бiлiмi туралы құжат;

            ата-аналары туралы құжаттар (қайтыс болғаны туралы куәлiктiң көшiрмесi, соттың үкiмi немесе шешiмi, ауруы, ата-аналарының iздеуде жүргенi немесе ата-аналық қамқорлықтың болмауының өзге де жағдайлары туралы анықтама);
            бауырлары немесе әпкелерiнiң болуы, олардың тұрған жерi туралы анықтама;
            балаға қатысты мүлiктердiң тiзiмдемесi және оның сақталуына жауап беретiн адамдар туралы мәлiметтер;

            кәмелетке толмағандарға бұрын тұратын тұрғын үй алаңы бекiтiлгендiгi туралы құжаттар;

            алименттердi өндiрiп алу туралы сот шешiмiнiң көшiрмесi, сондай-ақ жәрдемақыға, зейнетақыға және басқа да әлеуметтiк төлемдерге құқығын растайтын құжаттар;

            банк мекемесiнде баланың (балалардың) атына ашылған шоттың болуы туралы құжат;

            өзге да құжаттар.

            5. Қорғаншылық және қамқоршылық органы бiлiм беру басқармалары мен бөлiмдерi арқылы ай сайын, өткен айдың 15-нен кешiктiрмей патронат тәрбиешiнiң (патронат отбасының) банк шотына Ережеге сәйкес белгiленген материалдық қамтамасыз ету нормасын ескере отырып, ақшалай қаражат аударуға мiндеттеледi.

            6. Патронат тәрбиешiнiң (патронат отбасының) құқықтары мен мiндеттерi:
            оның (олардың) пiкiрi мен қорғаншылық және қамқоршылық органының ұсынымдарын ескере отырып, баланы (балаларды) тәрбиелеудiң тәсiлдерiн белгiлейдi;
            бiлiм беру мекемесi мен оқытудың нысанын таңдайды;

            баланың (балалардың) тиiстi бiлiм алуына арналған жағдайларды қамтамасыз етедi;

            баланың (балалардың) патронат тәрбиешiге (патронат отбасына) берiлген құжаттарының сақталуын қамтамасыз етедi;

            баланы (балаларды) тәрбиелейдi, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес оның денсаулығына, дене, психикалық, адамгершiлiк және рухани дамуына қамқорлық жасайды;

            баланы (балаларды) асырап-бағу, тәрбиелеу және оған бiлiм беруде қолайсыз жағдайлар туындағаны туралы қорғаншылық және қамқоршылық органын хабардар етедi.

7. Осы шарт _______________________ мерзiмге жасалған және қол қойылған сәтiнен бастап күшiне енедi.

      8. Осы шарттың қолданыс мерзiмi тараптардың өзара келiсiмi бойынша оның аяқталуына дейiн _____________________ бұрын ұзартылуы мүмкiн.
      9. Осы шартты орындау процесiнде тараптар арасында туындаған келiспеушiлiктердi келiсiлген шешiмдi әзiрлеу мақсатында олар туындағаннан кейiн ___________________ мерзiмде тараптар қарайды, ал келiсiмге қол жеткiзiлмеген жағдайда шешу үшiн сотқа берiледi.

Шартты мерзiмiнен бұрын бұзу

      10. Шарт мынадай негiздемелер бойынша тоқтатылуы мүмкiн:
      дәлелдi себептер болған жағдайда патронат тәрбиешiнiң (патронат отбасының) бастамасы бойынша (аурулар, отбасы немесе мүлiктiк жағдайы өзгергенде, баламен (балалармен) өзара түсiнушiлiк болмағанда);
      патронат тәрбиешiнiң (патронат отбасының) баланы (балаларды) асырап-бағу, тәрбиелеу және оған бiлiм беру үшiн қолайсыз жағдайларында немесе баланы (балаларды) ата-аналарына қайтарған немесе баланы (балаларды) асырап алған жағдайда қорғаншылық және қамқоршылық органының бастамасы бойынша.

            11. Шарт екi данада жасалды, олардың eкeуi де бiрдей заң күшiне ие.

            12. Осы шарттың талаптары орындалмаған кезде (шарттық бұзылу жағдайын көрсету) оны тараптар бұзуға құқылы.

     Қорғаншылық және                                          Патронат тәрбиешi
     қамқоршылық органы                                       (патронат отбасы)
     _______________________                                           __________________
     (есеп шоты, мекен-жайы (тегi)
     _______________________                                           қолы______________
       (тегi, лауазымы)
      қолы __________________