27 қыркүйекте 2-7 сынып оқушылары арасында "Зерде" ғылыми жобалар байқауы өтті. Байқаудың мақсаты-балалардың зияткерлік-шығармашылық әлеуеті мен танымдық қызығушылықтарын ынталандыру, оқушылардың ерте мектеп жасынан бастап зияткерлік шығармашылығын дамыту, оларды ғылымдағы зерттеу қызметіне тарту. Біздің мектептен 6 "Ж" сынып оқушысы Жиенгулов Альтаир "Онлайн-аудармашыларды ағылшын тілін үйрену тәсілі ретінде пайдалану"тақырыбымен қатысты. Жиенгулов Альтаир қолданыстағы онлайн аудармашылар туралы ақпарат жинады, осылайша өзін шығармашылық жағынан, сонымен қатар ақпаратты талдау және қабылдау, мақсат қою және оған жету жолдарын таңдау сияқты дағдыларды меңгергенін көрсетті.
Сондай-ақ, Альтаир өзін-өзі дамытуға, өзінің біліктілігі мен шеберлігін арттыруға ұмтылды. Интернеттегі аудармашыларды оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру құралы ретінде талдады. Ғылыми жобаны жазу үшін қажетті материалдарды жинады. Автор алынған мәліметтер негізінде логикалық тұжырымдар жасады.
Альтаир мен оның ғылыми жетекшісі АсельКусайыновнаАлипованы байқаудың қалалық кезеңіндегі жеңісімен құттықтаймыз!