Бұл күні күнделікті мектеп ауласындағы жұмыспен және таңертеңгі дене шынықтыру жаттығулармен басталды. Балалар 11.00-ге дейін өз жұмыстарымен айналысты. Сосын түскі астарын ішіп "КЛИО" және "Книголюб" топтары ш.Айманов атындағы кинотеатрға «Кунфу – панда» және «Пираты карибского моря» фильмдерін тамашалауға кетті.
Қалған топтар яғни «ШКИД», «Паскалята», «Лингвист», «Целители» тағы басқа топтары мәжіліс залына «Құқықтық марафон» бойынша «Менің құқығым мемлекеттің қорғауында» атты іс-шарасына барды.
Бұл іс-шараны «Балалардың құқығын қорғау департаментінен адамның рухани өсуін қадағалайтын бөлімшенің» бастығы Нефедова Наталья Владимировна және павлодар қаласының мектеп Омбудсмондары Жумашев Санджар және Мендыбаева Мерей өткізді. Балалар бұл іс – шарадан өздерінің құқықтарымен бірге атқаратын міндеттерінде білді.
Өздері ситуациялық көріністер көрсетіп, мұнда қандай құқықтын бұзылғанын тауып отырды. Сонымен қатар ойындар өткізіліп, балалар қонақтардан сыйлықтар алды. Балалар алғысын білдіріп, өздері де мектеп омбудсмондары болғысы келді.