
2024 жылы 19 қыркүйекте Павлолар қаласы білім беру бөлімінің “Павлодар дарыны” бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығымен 2-7 сынып оқушылары арасында “Зерде” республикалық зерттеу жобалары конкурсының қалалық кезеңі өткізілді.
Сайыстың 2 кезеңінде мектеп намысын 7 оқушы қорғады. Байқау қорытындысы бойынша I орын- 2, II орын- 1, III орын-2.
I дәрежелі дипломға төмендегі оқушылар ие болды:
Маулет Адижан 4 “ж” сынып оқушысы, дайындаған Альжанова С.И.;
Шидловская Милана 3 “г” сынып оқушысы, дайындаған Таргаева Л.А.
II дәрежелі дипломмен:
Бегимова Самира 7 “ж” сынып оқушысы, дайындаған Ильдебаева Г.М.
III дәрежелі дипломмен:
Грималовская Вероника 3 “г” сынып оқушысы, дайындаған Таргаева Л.А.;
Коныров Тамерлан 2 “в” сынып оқушысы, дайындаған Байгузинова А.Р.
Жалпы топтық есепте мектебіміз 43 мектеп арасында III орынға ие болды.
Сапалы дайындық үшін оқушыларға және ұстаздарға алғыс білдіреміз!
Байқау жеңімпаздарына облыстық кезеңінде сәттілік тілейміз!