2011 жылғы 8 қазан айында сағат 8.00 ден 15.00 ге дейін «ОББМ№29» мемлекеттік мекемесінде мектеп ұйымына Президент сайлауы өтті. Сайлауға 8-11 сынып оқушылары, педагогикалық ұжым қатысты. Сайлау басталу алдында әрбір үміткер өмірбаяндарын жария етіп, газет шығарып, өзінің болашаққа деген көзқарасын білдірді.
Оқушылар сайлау алдындағы бағдарламаларын қызықты көрсете білді.
Үміткерлер:
1. Калиев Адильжан – 9а сынып
2. Ахметжанов Нагымет – 10б сынып
3. Курбанов Руслан – 10б сынып
бәрі де оқу озаттары, мектеп өміріне белсене қатысып, ұжымдарында құрметке ие.
| | |
| | |
Мектеп фойесінде сайлау бюллетендерін салатын арнайы жәшік орнатылды, үзілістерде музыка қосылып, барлық балалардың көңілдері көтеріңкі болды, дауыс бергендердің саны – 263 дауыс берушілер, бұл 76% құрайды.Қорытындысы 2011 жылғы 14 қазан айында жасалады.
