Размер шрифта:
↑Наверх
Сенім телефоны
8(718-2)-54-54-51
email: sosh29@goo.edu.kz
Мекенжайы: Қазақстан Республикасы Павлодар қаласы, Катаев көшесі 22
Жетекшісі: 54-54-33. Қабылдау бөлмесі: 54-54-51
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Дүйсенбі сағат 16.00-ден 18.00-ге дейін Бейсенбі 15:30-дан 17:30-ға дейін
Главное достоинство учителя - это:
Голосовать
Человеческие качества - 156
Любовь к детям - 140
Блестящее знание предмета - 73
Качество подготовки к экзаменам - 72
Всего проголосовало: 441
Смотреть результат
За год
За месяц
За неделю
Вчера
"Біз - кеселдерсіз өмір сүреміз" атты акция
22-11-2012 08:29

Шылым шегуден бас тартудың халықаралық күні 19.11 12ж. біздің мектепте осы тұрғыда ашық көрмелер ұйымдастырылып, көпшілік мәдени шаралар өтуде.

 Сынып сағаттарының тақырыбы:

- «Өмір темекінің түтінісіз» - 1-4 сынып;

- «Темекі шексең - өзі өзіңді жұтасың» - 5-8 сынып

- «Сенің талғамың» - 9-11 сыныптар.

10А сыныптың оқушыларымен педагог-психолог Стулова О.В. басшылығымен 10 - 11 сыныптарға арнайы "Энергетикалық сусындар: миф және нақтылық" атты конференция өткізілді.

Статистикалық деректерге қарағанда, жыл сайын темекі, спирттік ішімдік сияқты зиянды заттардың салдарынан емделуге азаматтар 5 миллиард АҚШ долларынан астам қаржы жұмсайды. Темекі өнімдерін шығаратын компаниялар Қазақстаннан 2 миллиард АҚШ долларынан астам пайда түсіреді. Негізінен, бұл өнімнің 90 пайызы Қазақстанға сырттан тасымалданады.

Жыл сайын Қазақстанның темекі нарығына 30 миллиард дана шылым түседі. Бұл санды адам басына шаққанда, еңбектеген баладан еңкейген кәріге дейін күніне 9 шылымнан келеді. Қазіргі кезде Қазақстанда 4,2 миллион адам темекіге әуес.

Темекі - құрамында никотин (nicotiana) және төрт мыңға жуық улы зат бар темекі өсімдігінің майдаланған, құрғатылған және қолдануға дайын күйдегі жапырағынан жасалады. Темекі - жапырағында танин, желім, шайыр, крахмал және алколоидтар бар. Ең көп мөлшерде никотин алколоиды бар. Никотин сульфат тұздары ауыл шаруашылығында құрт-құмырсқаны өлтіру үшін қолданылады. Никотин - циаминге пара-пар у. Никотин улы зат болғандықтан, медицинада дәрі ретінде қолданылмайды. Мәселен, 5-6 тамшы никотинді итке берсе, ол сол заматта өліп кетеді. Ал, бір қорап темекінің құрамындағы никотинді инемен шаншыса, адам лезде көз жұмады. Алайда, адам ағзасы никотинді қан арқылы емес тыныс жолымен қабылдайтындықтан, бірден емес, «баяу өлім» арқылы өз түбіне өзі жетеді.