АИВ инфекциясының алдын алу
Қаңтардың 24 күні 9-шы сыныптар үшін қоғам бірлестігінің өкілдері ұйымдастырған «Дәрігерлер есірткіге қарсы» атты пікірсайыс сағаты өткізілді. Тақырыбы - АИВ инфекциясының алдын алу. Бұл шара бейнефильмдердің көрсетілуімен қатар өткізілді. Келген дәрігерлер жасөспірімдерге айқын түрде керекті ақпаратты жеткізіп, сұрақтарына жауап берді.