Менің атым-Әнел. Мен сіздерге «Балдаурен» Республикалық оқу-сауықтыру орталығы туралы айтқым келеді.
2013 жылғы қарашаның 13-і күні, біз Павлодар облысынан 17 оқушы құрамында Ертіс дарынының жолдамасын алып, «Балдаурен» Республикалық оқу-сауықтыру орталығына аттандық. Балдауренге байтақ еліміздің түпкір-түпкірінен, Республикамыздың барлық облысынан біздер шамалас балалар келіп жатты. Біз «Жас программистердің кездесуі» атты, 15 маусымның ашылуына куә болдық. Әр облыстан жиналған балалар бір ананың баласындай болып, тату , қызықты кезеңді өткіздік. Павлодардан келген балалардың ішінен Бергентай екеуміз ғана бір отрядқа түстік. Жалпы лагерь бойынша 10 отряд болды. Мені бірден отряд командирі етіп сайлады. Мен де Павлодардың беделін түсірмеуге тырысып, бар ынтамды салдым. Балдауренде өткізілген талай шығармашыл сайыстарға, қызықты іс-шараларға, думанды мерекелерге белсене қатыстық. «Ғажайып алаңы», «ХХІ ғасыр көшбасшысы», «Жас программистер кеші», «Достарың сені құттықтайды» және тағы осы сияқты сайыс, кештер бізді бірлікке, адалдыққа,тату, әділ болуға тәрбиеледі. Осы шаралармен қатар, Бурабайға, Оқжетпес, Жұмбақтасқа барып, осы жерлердің керемет аңыздарын тыңдадық. Балдауренде өткізген әр күніміз қызыққа толып, бақытқа кенелдік. Тіпті 20 күннің қалай өтіп кеткенін де байқамадық. Қоштасатын кез келгенде бір-бірімізден, тәрбиеші ағай, апайлардан қоштасқымыз келмей, жыладық та. Бірақ амал жоқ...
Осындай «Балдаурен» сияқты президент лагерьлері көп және еліміздің әр облысында болса, қандай тамаша болар еді! Өйткені басқа облыстың балалрымен танысып, араласып, бірлікке үйренетін едік. Біздің де Павлолдар облысымызда мақтан ететін, аңызға мол жерлер бар ғой?!
Мен өзімнің атынан және Павлодар облысынан барған балалардың атынан «Балдаурен» лагерьіндегі Рафхат, Қуандық, Ержанат ағайларға, Бақыт, Қарлығаш , Аймира, Назерке, Нұрғаным, Ажар, Айшолпан апайларға және осындай лагерьге баруға мүмкіншілік берген «Ертіс дарынына» шексіз алғысымызды білдіремін. Сіздерге денсаулық, бақыт, шатыққа толы күндер тілеймін!
Павлодар қаласы, №29 мектебінің 6 «а» сынып оқушысы Бекбосынова Әнел.