Денсаулық апталығы
Денсаулық ол – шыныққан
Барлық денең мүшесі.
Денсаулық ол - тыныққан
Жүйке тамыр жүйесі.
Денсаулық ол - күлуің
Көңіл – күйің жадырай,
Денсаулық ол – жүруің,
Ешбір жерің ауырмай.
Мектепте «Денсаулық апталығы» өтті. Мұнда 2 сыныптан 9 сыныпқа дейінгі оқушылар қатысты. Спорттық алаңда эстафеталар, көңілді старттар ұйымдастырылды.
10 сынып оқушылар баскетбол ойнады. Сонымен қатар 8-9 сыныптар қалалық «Жаяу жүруші маршына» қатысты.