Акция 2014 жылғы 30 қыркүйекке дейін жалғасады. Акцияның мақсаты - аз қамтылған отбасылардыға оқушылардың жаңа оқу жылына дайындалуға және балалардың әлеуметтік жағдайлар бойынша мектепке бармауын алдын алу.
Құрметті қала тұрғындары!
Жаңа 2014-2015 оқу жылын ұйымдастыру мақсатында ағымдағы жылдың 1 тамызынан 30 қыркүйекке дейін республика бойынша «Мектепке жол» атты акциясы қайрымдылық марафонын өткізу жарияланды.
Аз қамтамасыз етілген отбасылар мен көпбалалы отбасылардан шыққан балалар? Жетім балалар. Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды мектепке барар кезінде демеу жасау, киім-кешек, аяқ-киім, кеңсе тауарлары және т.б. заттардың жоқтығынан мектепке келмей қалудың алдын-алу акцияның ең басты мақсаты болып табылады.
Мектеп жасындағы барлық балалар 1 қыркүйекте мектеп парталарына отырулары тиіс.
Қала тұрғындарының барлығын осы акцияға қатысуға шақырамыз.
Қайырымдылық көмек нақты отбасыға, балаға, мектепке берілуі мүмкін.