Мектептің оқу-тәрбие жұмысы аясында, 22 қазан күні «Оқушылардың оқу мотивациясын көтеру» тақырыбында ата-аналар жиналсы өткізілді. Кездесу басында мектеп директоры В.А.Еленич оқудағы жаңашылықтар туралы алғы сөз айтты. Одан соң мектеп психологы О.В.Стулова мотивация деңгейі анықтау үшін өткізілген диагностиканың нәтижелерімен таныстырды. Топтық жұмыс арқылы 1-деңгейлі тарих мұғалімі, Р.Н.Мусралинова, сабақта қолданылатын сыни ойлаудың тәсілдерін көрсетті.