Мектеп ұжымының ішінде психологиялық ахуалды жақсарту және қиын жағдайлар мен конфликтерді бейбіт түрде шешуді үйрету мақсатында, мектебімізде «Күлкімді саған сыйлаймын» акциясы ұйымдастырылды. Акцияға қатысқан оқушылар «Тілектер мен күлкілер дуалын» безендірді. Бұл «дуалға» балалар мұғалімдерге, өздерінің сыныптастарына арнаған жылы лебіздерін жазды. Бастауыш сынып оқушылары «Балалар, тату өмір сүрейік» атты сурет көрмесін ұйымдастырды. Ал 5-7 сынып оқушылары «Мектептегі медиация» тақырыбында видеобрифингке қатысты. Осыған қоса мектептің бірінші қабатында «Сіз даулы адамсыз ба?» деп аталатын сауалнама жүргізілді. 6Е, 7В, 7Г, 8В, 11Б сыныптары белсенділік танытты.