Жас мұғалімдер мектебінің сабақтары
Жас мамандармен жүргізілетін жұмыс аясында Жас мұғалімдер мектебінің отырыс өтті. Өткізілген сабақ барысында Г.К.Адильханова «Блум таксономисы бойынша ойлау қабілеттерінің жүйесі» тақырыбында коучинг өткізді. Жас мамандарға Блум таксономиясы мен оқыту мақсаттарының 3 облысы (когнитивті, аффективті және психоторикалық) жайылы түсінік беретін презентация көрсетіліп, мұғалім сабағында өткен материалды бекітуге бағытталған сұрақтар мен жұмыс түрлерін қолдануға болатын тапсырмалар мен қойылған мақсаттарды жүйелендіру туралы ақпарат берілді. Топта жұмыс жасау арқылы мұғалімдер тапсырма құрастырудың принциптерін түсне алды. Отырыс соңында мұғалімдерге тақырып бойынша жинақталған ақпаратты дисктер мен үй жұмысы берілді.