4 шілде күні Балалардың бос уақытын қамту және шағармашылығы орталығының ұйымдастыруымен №24 мектеп шаңырағында қалалық «Жас Ұлан» форумы өткізілді. Мектебіміздің алғы қатарлы, белсенді оқушыларымы, 8 «б» сыныбының қыздары, бұл іс-шараға белсене қатысты. Шамгунова Алина мен Прахт Мария ұйымдастырушылардың ұсынған 3 «көшпенді дайджест» топтарының ішінде, «Мен – патриот» тобының дөңгелек үстел отырысына араласты. Бұл жерде оқушылар өздерінің Отанға деген патриоттық сезімдері мен оған деген көзқарасы жайлы пікірлесті.