Балалардың бос уақытын қамту және шағармашылығы орталығының ұйымдастыруымен Гагарин атындағы паркте «АШЫҚ – OPEN» жобасының «Полиглот» туры өтті. Балалар 3 станциядан құралған интеллектуалды марафонда қазақ, орыс және ағылшын тілдерінен қаншалықты білім алғандары сынға алынды. «Знание – сила» станциясында балалар орыс әдебиетінен, «Білшгіштер» станциясында қазақ тілінен және «Guess» станциясында ағылшын тілінен сұрақтарға жауап берді. Мектебіміздің 5 сынып оқушыларынан құралған команда өз білімдерін жоғары дәрежеде көрсете білді. Қорытынды шығарған кезде біздің балалар 49 опаймен ІІІ орынға ие болды.