Мектеп қош бол! Шуақты жаз салем!!!
Біздің профильды лагерь маусымның жабылуы 21 маусым 2016 жылы болды. Безендірілген мәжіліс залында өткен театрландырылған – құттықтау спектаклі барлық отрядтарды жинады. Балалар «Жазғы түндегі түс» және «Репка» атты экспромт-спекальда актер ретінде өнер көрсетті. Әрбір отряд өз дайындалған қойылымын көрсетті. «Болашақ» отрядтың өкілідерінен қазақ лирикалық әнді тыңдадық. «Эрудит» отряды ребустарды дайындап келді. «Экскурсовод» және «Надежда»отрядтары Корней Чуковскийдің «Федорино горе» атты өлеңніңкейіпкерлеріне айналып, тамаша қойылым көрсетті. Барлықтарымызға қызықты ойындар мен сайыстарды «Инглиш клаб» отрядыдайындады. Ал «Лингвист» отряды болса балалар мен тәрбиешілерді биге шақырып, флеш-моб орындады. Біздің көңілді мерекеміз Б.Окуджаваның «Как здорово, что все мы сегодня собрались» атты өлеңімен аяқталды. Іс-шара соңында балалар лагердегі өткен күндерін, ойнаған ойындарын, қыдырған орындарын есіне түсіріп, бір-бірімен ой алмасты. Алда әлі жаздың екі айы бар. Сол уақытта орман-тоғай, өзен-көл, тауларды аралап, от маңында өлең айтып, жаңа кездесулер, достар, әдемі де қызықжерлерге баруға болады. Мектеп қош бол! Шуақты жаз салем!!!