Бүгін «Шуақты қала» мектепалды лагерьде «Үндістер күні» өтті. Аталмыш іс-шараға тәрбиеші-мұғалімдер барлық жауапкершілікпен ынтасымен қарайтын. Мерекенің негізгі мақсаты үндіс тайпалардың тарихымен, салт-дәстүрімен танысу, балаларға ұжымдық және командалық серіктестік тәрбиелеу. Балалар өз қолдарымен костюмдар, әшекейлерді жасап, тайпа атауын шығарып, үндістерге айналды. «Үндістердің антынан» басталған мерекені тайпанын көсемі - Шапшаң Сілеусін жүргізді. Балалар үндістердің салт-дәстүрін, әдеп-ғұрпын құрметтеуге, ал тайпа ақсақалдары «аспандағы жұлдыздай» дана болуға уәде берді. Тайпа ақсақалдары балаларға берген тапсырмаларды үлкен жауапкершілікпен орындады. «Үндістер күні» балаларға үлкен естелік болып қалады. Мерекенің ең қызығын «Үлкен тайпа» фотосуретке түсіріп алды!