Ағылшын тілі пәндік апталығының қорытындысы
- Пәндік апта шеңберінде 26 ақпаннан 5 наурыз аралығында ағылшын тілі апталығы өтті. Апталық кезінде 3-10 сынып оқушыларының қатысуымен әртүрлі қызықты сайыстар, зияткерлік ойындар, көңілді викториналар өткізілді.
- 26 ақпан 2016 жылы 9-10 сынып оқушылары арасындағы «Ең үздік ағылшын тілінің білгірі» атты зияткерлік ойын өтті. Аталмыш іс-шараны Ж.К.Смаилова дайындады. Жеңімпаздар құрмет мадақтамасымен марапатталды.
- О.И.Львова дайындаған 3-9 сынып оқушыларына арналған зияткерлік ойындарға оқушылар белсене қатысты. Сайыстың тапсырмаларын үлкен қызығушылықпен орындады.
- А.С.Каиркенова 3 сынып оқушылары арасында ойын-сайыс өткізді. Барлық тапсырмалар қызықты және оқушылардың танымдық белсенділігін арттыруға бағытталған.
- О.И.Львова және И.Л.Краузе мұғалімдері «Талантар жәрмеңкесі» атты әдеби-музыкалық іс-шара дайындап өткізді. Аталмыш іс-шарада балалар тақпақ, өлең айттып, би билеп қана қоймай, ағылшын тілінде ертегі көрсетті.