Сынып сағаты
Қазақстан Республикасының Азаматтық қорғанысы халықты экономиканы, республика аумағы осы заманғы зақымдау құралдарының зақымдағыш факторларынан, сондай-ақ зілзаладан, ірі авария мен апаттан қорғау мақсатындағы жалпы мемлекеттік шараларының құрамдас бөлігі болып табылады. Биыл Азаматтық қорғаныстың 85 жыл толуда, осыған орай мектепте 23 ақпан күні барлық сыныптарда Азаматтық қорғаныс тақырыбында сынып сағаттары өткізілді.