![«Үздік конструктивистік сабақ»](/media/img/blogs/591ec5ec19e92.jpg)
1-6 ақпан аралығында Павлодар қаласының Педагогикалық шеберлік орталығы филиалының ұйымдастыруымен Республикалық «Үздік конструктивистік сабақ» конкурсының аудандық кезеңі өткізілді.
Аталмыш конкурс жыл сайын өткізіліп, бірнеше кезеңдерден тұрады:
- I кезең – аудандық;
- II кезең – республикалық
Конкурстың міндеттері:
- Педагогикалық шеберлік орталығының деңгейлік бағдарламалары бойынша сертификатталған мұғалімдердің озық тәжірибелерін бақылау және тарату;
- Инновациялық педагогикалық іс-әрекетке деген қызығушылықты ояту;
- Педагогтердің профессионалды желілік бірлестігін дамыту.
Бұл конкурста 3 дәрежелі дипломмен мектебіміздің бастауыш сынып мұғалімі, Балажанова Ақжайық Мағытайқызы, марапатталды.Құттықтаймыз! Алдағы уақытта үлкен жетістіктерге жетуіңізге тілектеспіз!