Жазғы ғажайыптар

8 маусым күні мектебіміздің 5в және 6б сынып оқушылары қалалық «Жазғы ғажайыптар» конкурсының іріктеу кезңіне қатысты. Балалардың алдына келесі міндет қойылды – 40 минут ішінде «EXPO-2017» тақырыбына байланысты сурет салу. Балалар берілген тапсырманы үлкен қызығушылықпен және жауапкершілікпен орындауға кірісті. Сурет дайын болғаннан кейін, команда капитаны әділқазы алдында композицияны қорғап шықты.