Шахмат ойыны бойынша жарыс

4-9 желтоқсан күндері аралығында шахмат ойыны бойынша облыстық жарыс өтті. Павлодар қаласының құрамасы жеңімпаз атанды. 10 жасқа дейінгі ұлдар командасының құрамында мектебіміздің 3 «г» сынып оқушысы Лукьяненко Данил болды. Данил барлық партияларда өз қарсыластарын жеңіп, жоғарғы нәтижеге ие болды. Ал 12 жасқа дейінгі қыздар командасының құрамында 4 «в» сынып оқушысы Кузнецова Александра күміс жүлдегер атанды.