№1 балалар бақшасының ата-аналарынмен кездесу

2018 жылы ақпанның 26 №1 балалар бақшасының ата-аналарына арналған №29 ЖОМ өкілдері жиналыс өткізді. Жиналыс мақсаты: ұлты қазақ балаларды қазақ сыныбына беру. Бастауыш сынып мұғалімдері Мадина Ахметовна мен Зауреш Айтмұханқызы №29 мектепті таныстырып, презентация, буклет көрсету арқылы барлық мәлімет айтып шықты. Соынмен қатар, сәуір айында мектепте өтетін жиналыс-концертке шақырды.
Жиналыста болған Алия есімді ата-ананың пікірі: «Жиналыста 11 ата-анабала бақша меңгерушісі, тәрбиеші мен әдіскер болды. Кездесу өте мазмұнды өтті. Мектепке қабылдауға байланысты өтетін сынақ, тест емтихандары туралы жақсы айтылды. Мелекеттік тілдің маңыздылығы ескертілді».