Дарынды балаларға – талантты ұстаз
28 ақпан күні қалалық білім беру бөлімінің ұйымдастыруымен республикалық «Дарынды балаларға – талантты ұстаз» конкурсының іріктеу кезеңі өтті. Конкурс мақсаты – жас ұстаздардың бойындағы шығармашылық қабілетін дамыту және профессионалды жағынан жетілдіру.
Іріктеу кезеңінің қорытындылары бойынша мектебіміздің биология пәнінің мұғалімі Бекен А.Ж. облыстық кезеңге жолдама алды.
Құттықтаймыз! Келесі кезеңде жеңімпаз атануға тілектеспіз!