Павлодар облысында Тіл заңын және Елбасымыздың «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында жас ұрпақты патриоттыққа тәрбиелеу мақсатында «Әй, жарайсың!» сайысы ұйымдастырлады.
Қалалық №39 жалпы орта білім беру мектебінде дәстүрлі түрде жыл сайын өтетін оқу орыс тілінде жүргізілетін мектептерінің оқушылары арасындағы «Әй, жарайсың!»қалалық сайысының финалы өтті. Сайыс барысында ұрпақ тәрбиесі жайындағы озық ұлттық мұралары бүгінгі тәлім-тәрбие жұмысына пайдалана отырып, атадан балаға жалғасып келе жатқан әдет-ғұрпымызды, салт-дәстүрімізді, тілімізді, дінімізді, еліміздің біртұтастығы мен тәуелсіздігі туралы баяндалды. Осы сайыста біздің мектеп оқушылары 2 дәрежелі дипломмен марапатталды. Аталмыш сайысқа 8 «б» сыныбының келесі оқушылары белсене қатысты:
Борчанинова Анна
Моняхина Дарья
Луцева Регина
Крачковская Настя
Супунова Карина
Дайындаған қазақ тілі мен әдебиет мұғалімдері Г.К.Әділхановаға, Қ.Қ.Кабылдинаға, Е.Рахатжанұлына алғысымыз шексіз!
«Әй, жарайсың!»