«Сарыарқа жұлдыздары-2018»

2018 жылды 30 мамырында «Ақ Отау» мейрамханасында Павлодар қаласының әкімі Әшімбетов Н.Қ. 2017-2018 оқу жылындағы интеллектуалдық жарыстардың жеңімпаздары мен жүлдегерлерімен «Сарыарқа жұлдыздары-2018» атты салтанатты кездесуі өтті.
Кездесу мақсаты – оқу жылындағы ең дарынды оқушыларға құрмет көрсету. Республикалық олимпиаданың облыстық кезеңінде Жалпы білім беру пәндері бойынша 9 В сынып оқушысы Кузнецова Арина құқық негіздері пәнінен олимпиадаға қатысып, жеңіс қоржынына күміс медаль енгізді.
2017-2018 оқу жылының қорытындысы бойынша интеллектуалдық сайыстардағы жетістіктері үшін Павлодар қаласының әкімі атынан Аринаға диплом, «Сарыарқа жұлдызы» стелласы және бағалы сыйлық ноутбук берілді.