Үздік интерактивті сабақ
22 ақпан айынан 2018 жылдың 25 мамырына дейін «Үздік интерактивті сабақ» облыстық педагогикалық идея интернет – фестивалі өтті.
Мақсаты – оқу үдерісінде интерактивті жабдықтарды қолданатын педагогтерді қолдау және мадақтау, талантты және белсенді мұғалімдердің педагогикалық тәжірибесін тарату және насихаттау.
Фестиваль қорытындысы бойынша «Бастауыш мектепте оқыту» бағытында Павлодар қаласының № 29 ЖББМ қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Махметова Алма Қазбекқызы ІІ орын алды.
Құттықтаймыз, шығармашылық табыстар тілеймиз!!!